ТАҚУА АДАМНЫҢ СИПАТТАРЫ 1.Алланың азабынан қорқу 2.Ата-анаға жақсылық жасау. 3. Ағайын туыспен қарым-қатнасты бекемдеу. 4. Көршілерге жақсы мәміле жасау. 5.Ыждағатты, кешірімді болу. 6.Әділ, көркемсөзді болу. 7.Өзгелерді өзінен жоғары қою. 8.Күнәға жоламайтын, көзін, құлағын тілін және басқа ағзаларын Алла харам еткен күнәлардан тыйыу Адамдағы тақуалық белгілер: 1.Ислам шариғаты белгілеген шекарадан шықпайды. 2. Аллаға шынайы құл болады. 3. Жүрегі кек сақтаудан, жеккөрушіліктен, қызғаншақтықтан, күншілдіктен сау болады. Махаббатқа, мейірімге, кішіпейілділікке толы болады. 4.Ілімге құштар, жақсылықты жайып жамандықтан алыс болады. 5.Өзгелерге көмектеседі, пайдасы тиеді. Тақуалықтың әжір-сауаптары Алла Тағала тақуаларды жақсы көреді, Кұранда: «Кім өз уәдесін орындаса, Алладан қорықса, расында Алла Тағала тахуаларды жақсы көреді» (Әл Имран 76-аят). Тақуалар қияметте Пайғамбар (с.ғ.с)-ға жақын болады, өткені ол кемел иман иесі. Ахиретте мәртебесі биік болып, дүниеде адамдардың махаббатына бөленеді. Өмірі берекелі, жолы ашық, ризығы мол болады. Бірлік СКАНДАРҰЛЫ

Теги других блогов: адам Ислам тақуа